Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары
Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруымен, Атырау облыстық пен қалалық білім беру бөлімдерінің, Жылой ауданының білім беру бөлімінің және Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қолдауымен АЙРЕКС арқылы жүзеге асуда.

рус / қаз






Сайт мәзірі

Кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Маусым 2025  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жазбалар архиві

Сайт достары
  • "Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары 2011"
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика
    Барлығы: 11
    Бір айда: 0
    Бір аптада: 0
    Кеше: 0
    Бүгін: 0

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Бүгін сайтқа кім кірді?

    Қош келдіңіз, Гость · RSS 14.06.2025, 17:32

    Бастапқы » Архив материалов
    2013 жылдың 23 қазанында Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде, Азаматтық Альянстың ұйымдастыруымен, VI облыстық Азаматтық форум өткен болатын. Сол форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, саяси және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, маслихаттар депутаттары, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, ұлттық мәдени орталықтар жетекшілері, экономиканың түрлі салаларының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысқан болатын. Форум аясында мемлекеттік емес ұйымдардың әлеуметтік  маңызды жобалары туралы жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге қатысушылар комиссия мүшелеріне және жәрмеңке қонақтарына өз жобалары туралы мағлұмат беріп, әлеуметтік жобаның облыста атқаратын рөлі мен маңызын атап өтті. 
    Өз кезегінде Айрекс ұжымы «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары» жобасын таныстырып, жоба жетістіктерін баяндады. Сонымен қатар «Атырау қаласының тарихы мен қазіргі кезеңі бойынша виртуалды экскурсия» кітабының негізінде құрылған atyrauhistory.weebly.com сайтының моделін таныстырды. Көрме соңында комиссия мүшелерінің шешімімен жәрмеңке қатысушыларына диплом ... Читать дальше »
    Қаралды: 3623 | Қосқан: Bagda | Дата: 04.11.2013 | Пікірлер (12)

    Тамыздың 12 -16 жұлдызы аралығында «Айрекс Атырау» өкілдігі «АТДҰ 2013» жобасы аясында ЖШС «Теңізшевройлдың» қаржыландыруымен жобаның ең үздік деген қатысушыларына арнап бес күндік тереңдетілген тренингтерін өткізген болатын.Тренингтерге Атырау қаласының орта мектептерінен он жеті ұстаз қатысып,  Компьютерлік және Интернет технологиялары бойынша Audasity, Adobe Premier Pro, prezi.com және google құралдары сынды тақырыптарында тереңдетілген білім алу мүмкіндігіне ие болды. 
    Ұстаздарға қосымша білім біру мақсатымен «Көшбасшылық», «Уақытты үнемдеу» және «Табыс бағдарламасы» бойынша Куликовских Н.А. тренингтер өткізссе, біліктілікті арттыратын «Интерактивті тақта» және EDU.KZ сайтымен жұмыс жасау дағдыларын «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ – ның тренері оқу-әдістемелік тренингін өткізген болатын.
    Оқулардың нәтижесінде қатысушыларға ЖШС «Теңізшевройылдың» үкімет және қоғаммен қарым-қатынас жасау бөлімінің кеңесшілері Шанель Джолли және Гүлнар Айтжанованың қолдарынан сертификат табысталды.
    Қаралды: 752 | Қосқан: Bagda | Дата: 20.08.2013 | Пікірлер (0)

    2013 жылдың 22-24 шілде аралығында «АТДҰ 2013» бағдарламасы аясында ЖШС «Теңізшевройылдың» демеушілігімен Айрекс Атырау тобы және «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының өкілдері қатысқан болатын. Тренингтер «Тренинг өткізудің әдістері» тақырыбы бойынша үш күн ішінде өткізілді. Оқулардың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Тренингтердің сапалы әрі қызықты өткені үшін Нелли Алимжановна Куликовских мәмілегерімізге алғысымызды білдіреміз. 
    Қаралды: 682 | Қосқан: Bagda | Дата: 29.07.2013 | Пікірлер (0)

    07 Шілде, 2013  - CDC Development Solutions өкілдері мен ниетін білдірген барлық қала тұрғындарының қатысуымен, Жасөспірімдердің бейімделу орталығындағы балаларды қолдау үшін шаралар өткізілген болатын. Бағдарламада дамыту ойындары, ән мен би, қолөнер және түрлі шығармашылық  іс-шаралар орнын тапты. Жобаға қатысқан қонақтардың барлығы сыйлықтар мен қызықты ізгілік ойларын бірге алып келген еді. Кездесудің басты мақсаты балардың көңілін көтеріп, өздерінің жылы лебіздерін таныту болатын. Осы іс-шарадан IREX та құр қалмай орталықтың қобдишасына өз сыйлығын салып жіберген болатын.








    Қаралды: 658 | Қосқан: Bagda | Дата: 16.07.2013 | Пікірлер (0)

    08 Шілде 2013 жылы – «Тұлпар» балалар демалыс орнында өткен спорттық жарыстарда IREX Атырау өз тарапынан материалдық көмек көрсеткен еді. «Независимое поколение Казахстана» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен балалар үйі мен жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналып футбол, волейбол және теннис түрлері бойынша сайыстар өткізілген болатын. Бір күндік жарыстар барысында балалар өзінің қызығушылығын танытып барлық жарыстарға белсенді түрде қатысқан еді. Сол белсенді жарыстардың нәтижесінде футбол оыйндары бойынша 1 және 2 орынды иемденген топтарға және үшінші орын алған топтың ең белсенді деген үш ойыншысына IREX логотипі бар жеңіл жейделер сыйға тартылды. Ал, волейбол ойындарында 1 орынды иемденген қыздар тобының мүшелеріне IREX логотипі бар саптыаяқтар сыйланған болатын. 


    Қаралды: 842 | Қосқан: Bagda | Дата: 15.07.2013 | Пікірлер (0)

    30.06.2013 -  IREX Атырау өкілдері Жастар Үйіне IREX логотипі бар футболкаларды табыстау үшін жолыққан болатын. Кездесу барысында Жастар үйінің интеллектуалды дамуы мен әлеуметтік жұмыстарға қатыстырулары жөніндегі тақырыптар қозғалды. Кездесуге келген қатысушылардың шешімі бойынша, сыйға берілген футболкалардың басым бөлігі, балалар үйі мен жағдайлары жоқ үйлердің балаларына арналған спорттық шараларға қатысатын аяқдоп ойынының тобына  форма ретінде үйлестірілетін болады. Бұл іс-шара 08.07.2013 жылы «Тұлпар» балалар демалыс орнында отетін болады.
    Қаралды: 656 | Қосқан: Bagda | Дата: 01.07.2013 | Пікірлер (0)

    2013 жылдың 1 мамырынан бастап, «Ақпараттық Технологиялар Дәуірінің Ұстаздары 2013» жобасы жалғасын тапқанын қуанышпен хабарлаймыз. Естеріңізге салсақ, «АТДҰ» жобасы Атырау және Құлсары қалаларындағы мұғалімдердің Компьютерлік негіздері және Интернет технологиялары саласында білімдерін дамыту үшін тренингтер жүргізуде. Осы уақыттан бастап, Атырау қаласы бойынша 10 мектептің (№ 1, 9, 13, 15, 17, 19, 20, Оңғарсынова, Сәтпаев, Өтемісов) 111 мұғалімі тренингті тәмәмдаса, оның 89 қатысушысы үздік деген нәтижемен сертификаттарға ие болды. Жылыой ауданында 7 мектептің (№ 2, 3, 4, 7, 10, 13 и 17)  92 оқытушысы қатысып, 57 мұғалімі сертификатқа ие болды. АТ маманы барлық желіге қосылмаған компьютерлерді іске қосып, ғаламтормен байланысты жеңілдетуге тырысты. Нәтижесінде 17 мектептің 105 компьютері Интернет желісіне қосылды.
    «АТДҰ 2013» жобасының  Директоры Брендан Белл № 1 және № 9 мектептің қатысушыларына серттификаттарды табыстаумен қатар, мектеп директорлары мен мұғалімдерінің жоба туралы ой-пікірлерін тыңдап, ұсыныстарын қабылдады. Сұхбат барысында жобаға қатысушылар тарапынан бағдарламамыз ... Читать дальше »
    Қаралды: 720 | Қосқан: Bagda | Дата: 01.07.2013 | Пікірлер (0)

    2012 жылдың ақпан айының 1 жұлдызынан бастап Атырау қаласы мен Жылыой ауданы бойынша Теңізшевройл компаниясының қаржыландыруымен Айрекс ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология дәуірінің ұстаздары» бағдарламасын іске қосты. Бұл жобаны қолдаушылар: Атырау Облыстық және  Қалалық Білім беру бөлімдері, Жылыой аудандық білім және денешынықтыру бөлімі, және де Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы. Жоба Атырау қаласы мен Жылыой ауданы мұғалімдерінің компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында ойластырылған. Негізгі мақсаты: мектеп мұғалімдері мен кітапханашыларды Интернетті пайдалануға үйретіп, Интернетті еркін қолданушылар санын арттыру мен мемлекеттік тілдегі веп- контент санын арттыру болатын. Жобаға Атырау қаласы мен Жылыой ауданының 35 мектебінен әртүрлі пән мұғалімдері қатынасты. Жоба мектеп базасында компьютерлік кабинетте аптасына 3-4 рет өткізілді. Қажет уақытында жобаның АТ маманы бұзылған компьютерлерді оңдап, жергілікті желілер жүргізіп, Интернетке қосылу мүмкіншілігін арттырып отырды. 
    2012 жылы Атырау қаласынан 25 мектеп, Құлсары қаласынан 10 м ... Читать дальше »
    Қаралды: 1292 | Қосқан: Bagda | Дата: 20.03.2013 | Пікірлер (0)

    Міне, біздің «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасы да өз мәресіне жетті. 2012 жылдың желтоқсан айының 13 – 14 жұлдызында Атырау қаласында жобаның қорытынды конференциясы өтіп, оған жоба барысында сертификатқа ие болған барлық белсенді ұстаздар қатынасты. 
    13- желтоқсан күні Microsoft Office пакетінің Word, Excel, Power Point программаларына тереңдетілген тренинг өткізілді. Тренингті жобаның бас тренері Ығылманова Гауһар жүргізді. 
    14 – желтоқсан күні конференцияның жабылу рәсімінде конференцияға қатысқан барлық ұстаздарға сертификаттар табысталды, өткізілген конкурстар жеңімпаздарын жариялады. «АТ қолданылып өткізілген ең үздік ашық сабақ» конкурсы бойынша А. Құнанбаев атындағы №15 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Измамбетова Гүлнар;  ал «Ең үздік веб – сайт» конкурсы бойынша №21 мектептің тарих пәні мұғалімі Исмуханова Нағима  жеңімпаз атанды. Жобаны қаржыландырып отырған «Теңізшевройл» компаниясының атынан Айтжанова Гулнар Бекенқызы сөз сө ... Читать дальше »
    Қаралды: 697 | Қосқан: Bagda | Дата: 20.03.2013 | Пікірлер (0)

    Жазда аяқталды, алғашқы қоңырауда өтті, табиғат жаңарып келеді. Айрексте бір орында тұрмай, «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасы жаңа жағынан көрінді, жобаны қаржыландырушы «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы, қолдаушылар: Атырау облыстық және қалалық білім беру бөлімдері, Жылыой ауданы білім беру бөлімі, Атырау облыстық Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбибап кітапханасы. Осы жобаның жартыжылдық қорытындысы ол финалистерге арналған конференция, конференцияға жақсы сайттар құрған, блог пен форумда белсенді жұмыс жасағандар қатысты. 
    13 тамыз бен 24 тамыз аралығында өткен конференцияда ақпараттық технологияға байланысты тереңдетілген тренингтер өтті, мұғалімдер EXCEL бағадарламасымен тереңірек жұмыс жасауды, PPT бағдарламасымен презентация құруды, google.docs арқылы ақпарат алмасуды үйренді.
    Сондай-ақ интеракті тақтаның құралдарымен жұмыс жасау, testmoz.com, веб дизайн, GIMP, AUDACITY сурет, бейне бағдарламасын тереңдетіп оқыды. 
    Қаралды: 933 | Қосқан: Bagda | Дата: 11.10.2012 | Пікірлер (1)

    1 2 »
    Атырау - 2025
    Сделать бесплатный сайт с uCoz