Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары
Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруымен, Атырау облыстық пен қалалық білім беру бөлімдерінің, Жылой ауданының білім беру бөлімінің және Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қолдауымен АЙРЕКС арқылы жүзеге асуда.

рус / қаз






Сайт мәзірі

Кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Қазан 2012  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жазбалар архиві

Сайт достары
  • "Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары 2011"
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика
    Барлығы: 11
    Бір айда: 0
    Бір аптада: 0
    Кеше: 0
    Бүгін: 0

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Бүгін сайтқа кім кірді?

    Қош келдіңіз, Гость · RSS 14.06.2025, 17:20

    Бастапқы » 2012 » Қазан » 11 » "АТДҰ 2012" жобасының алғашқы қорытындысы
    13:18
    "АТДҰ 2012" жобасының алғашқы қорытындысы
    Жазда аяқталды, алғашқы қоңырауда өтті, табиғат жаңарып келеді. Айрексте бір орында тұрмай, «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасы жаңа жағынан көрінді, жобаны қаржыландырушы «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы, қолдаушылар: Атырау облыстық және қалалық білім беру бөлімдері, Жылыой ауданы білім беру бөлімі, Атырау облыстық Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбибап кітапханасы. Осы жобаның жартыжылдық қорытындысы ол финалистерге арналған конференция, конференцияға жақсы сайттар құрған, блог пен форумда белсенді жұмыс жасағандар қатысты. 
    13 тамыз бен 24 тамыз аралығында өткен конференцияда ақпараттық технологияға байланысты тереңдетілген тренингтер өтті, мұғалімдер EXCEL бағадарламасымен тереңірек жұмыс жасауды, PPT бағдарламасымен презентация құруды, google.docs арқылы ақпарат алмасуды үйренді.
    Сондай-ақ интеракті тақтаның құралдарымен жұмыс жасау, testmoz.com, веб дизайн, GIMP, AUDACITY сурет, бейне бағдарламасын тереңдетіп оқыды. 
    АКТ-дан басқа, мұғалімдер 10 күн бойына көсбасшылық тренингтерінен өтті, ол жерде мұғалімдер өз көсбасшылық қасиеттерін дамытты. Белсенді мұғалім болу үшін, қандай қасиеттер жетпейтінін айтқан мұғалімдерде болды. Көсбасшылық тренингінде командамен жұмыс жасау тақырыбында, мұғалімдер топ болып ашық сабақтар ұйымдастырып, өздерінің білімдерімен, ақпараттарымен алмасты.
    Конференцияның жабылуында қоғамдық жоба және мектептерінде ашық сабақ өткізу жоспары айтылып, соңында сертификатпен марапатталды. Конференцияны аяқтағанымен, финалистермен жұмыс аяқталған жоқ, алда мұғалімдерге арналған 2 байқау бар, сол байқаулар өздерінің алған білімдерінің жәтістігін көрсетеді. Осы екі айдың ішінде конференция тренингтерінде алған білімдеріне байланысты ашық сабақ өткізу мақсатталған. Мұғалімдер сөздеріне тұрды, «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасының директоры Брэндон Беллдің қатысуымен бірнеше ашық сабақтар өтті. Тағыда шақыруларыңызды күтеміз, және де жақын арада жеңімпазды анықтаймыз.
    Ұстаздарды ақпараттық технологиядағы білімін арттыру арқылы біз өскелен ұрпақтың білімін арттырамыз, яғни, бізді және біздің балаларымызды ақпараттық технология саласында ілгері басқан, күшті көсбасшылардың арасындағы жарқын болашақ кутіп тұр.

    Көрулер саны: 933 | Қосқан: Bagda | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық пікірлер: 1
    0  
    1 Гүлнар Избамбетова   (17.10.2012 00:05) [Материал]
    Қадірменді Брэндон Белл мырза бастаған "АТДҰ-2012" жобасын ұйымдастырушы топ мүшелеріне алғысым шексіз! Себебі Сіздерден алған ақпараттық технологияға қатысты жаңа білімім менің білім сласындағы жаңа мәреме жол бастап, табысқа жетелеуде. Өзімнің жаңашыл ұстаздар қатарынан көрінуіме жол ашқан СІздердің ұшан-теңіз еңбектеріңіздің алдында бас иемін! Әрқашан биіктерден көріне беріңіздер!
    Құрметпен, Гүлнар Избамбетова.

    dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
    Аты *:
    Email:
    Код *:
    Атырау - 2025
    Сделать бесплатный сайт с uCoz