Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруымен, Атырау облыстық және қалалық білім беру бөлімдерінің, Жылыой ауданының білім беру бөлімінің қолдауымен АЙРЕКС арқылы жүзеге асуда.
Бағдарлама мақсаттары:
Интернет желісін мектепте де, кітапханада да оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналдыру
Информатика және басқа пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру
Мұғалімдерді дамушы елге қажетті жаңа дағдыларға үйретіп, оны әрі қарай оқушыларға жеткізу арқылы келешекте жұмысқа тұру мүмкіндіктерін арттыру
Қоғамымызда мәдени атамұраны сақтап қалуға және қазақ тіліндегі ақпараттық веб-ресурстарды дамытуға ат салыстыру
Басталу уақыты: 1 мамыр, 2013
Аяқталу уақыты: 31 желтоқсан, 2013
Мақсатты топ: Атырау облысының және қаласының, Жылыой ауданының барлық пән мұғалімдері
Күтілетін нәтижелері:
• Жобаға қатысатын мұғалімдердің 90%-ы АКТ тренингтерін сәтті аяқтау
• «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2013» жобасында жүргізілетін маңызды, ірі шаралар БАҚ (Бұқаралы Ақпарат Құралдары) арқылы қоғамға АКТ-ның білім алу саласында маңыздылығын көрсету
• Жобаға қатысатын мұғалімдердің кем дегенде 200 веб-блог пен веб-сайттарды құрастыра отырып, білім берудегі ең маңызды сұрақтарды қозғау, тәжірибе алмасып, алған білімдерін молынан қолдану
• Ұстаздардың алған білімдерін оқушылармен бөлісу
• Ғаламтор арқылы 100-ден астам сабақ жоспарларын құрастыру
• Ғаламтор арқылы 40-тан астам ашық сабақтар өткізу
• Қазақ тіліндегі Википедияны жетілдіру
• Жобаға қатысатын мектептердің 90%-ын Интернетпен қамтамасыз ету
• Антивирустар мен басқа бағдарламаларды қондыру, қажет болған жағдайда компьютердің кейбір осал бөлшектерін оңдау не ауыстыру
«Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2013» бағдарламасының негізгі шаралары (өзгерістер болуы мүмкін):
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖОСПАРЫ (МАМЫР - ЖЕЛТОҚСАН):
1) Мектептер мен мұғалімдерден қатысу туралы жазбаша өтініштер мен келісімдерді жинау
2) Компьютер сыныптарын дайындау
3) АКТ тренингтерін өткізу
4) АТДҰ 2013 жобасының қатысушылары арасында сайыстар өткізу
5) Нәтижелері мен финалисттерді анықтау
6) Финалисттерге арналған жазғы конференция өткізу
7) Жабылу салтанаты мен семинар
Жоба қаржыландырушысы - "Теңізшевройл" ЖШС
Болашаққа инвестициялар
ТШО өз жұмысын бастаған алғашқы күннен-ақ бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі (КӘЖ) қағидаларын қатаң сақтап келеді. 1993-2009 жылдар аралығындағы кезеңде аймақ тұрғындарының тұрмыс тіршілігін жақсартуға және өз қызметкерлеріміздің материалдық жағдайларын арттыруға бағытталған Атырау облысындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға ТШО 600 млн. астам АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсады.
Әлеуметтік саланы қаржыландыру принциптері:
Бизнестің әдебі мен әлеуметтік жауапкершілігін сақтай отырып, жергілікті кәсіпкерлік пен қауымдастықты қамқорлау
Адами, әлеуметтік және ұйымдық факторларларды дамыту және жергілікті экономика мен тұрғындардың тұрмыс жағдайының ТШО-ның қолдауынсыз тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қызметтің негізгі бағыттары:
Қоғамның игілігі мен ТШО-ның пайдасы үшін азаматтар мен ұйымдардың әлеуетін көтеру
Оқыту, машықтандыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсету
Салауатты өмір салтын, гигиенаны, санитарлық ахуалды насихаттаумен бірге тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ат салысу
Экологиялық сауаттылық және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау
Тұрмыстық тұтынуға негізгі қажеттіліктер, соның ішінде сапалы сумен қамту
Ұлттық мәдениет пен тілді дамытуды қолдау.
ТШО өз қызметін жүзеге асырып жатқан аумақ тұрғындарына алдағы уақытта да көмек көрсетеді деп міндеттенеді. Қабылданған шешімдер мен жетілдірілген шаралардың мақсаты – әлеуметтік қаржыландырудың басты бағыттарын нақтырақ айқындау, әлеуметтік саладағы серіктестік принципінің маңызын атап көрсету және осы салада бизнесті жүргізудің өзін дәлелдеген тетіктерін қолдана отырып, әлеуметтік инвестицияны жоспарлаудың, орындаудың және оның нәтижелерін бағалаудың тиімділігіне ерекше көңіл бөлу. Толығырақ www.tengizchevroil.com сайтында
Жобаны IREX/АЙРЕКС жүзеге асыруда
Айрекс – жаңадан қалыптасып келе жатқан демократиялық мемлекеттерде көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатымен көптеген жаңартылған бағдарламаларды іске асыратын Халықаралық Ғылыми Зерттеу және Алмасу Кеңесі. Кәсіптік білім беру сапасын жақсарту, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және қоғам азаматтарының жан-жақты дамуы - Айрекстың негізгі мақсаттары болып табылады. Осы секторларды дамыту мақсатында бағдарлама балалар мен әйел адамдарға ерекше назар аударады.
Айрекс 1968 жылы құрылған. Бүгінгі таңда бұл кәсіп орнының ақша айналымы 60 миллион доллар болса, әлем бойынша 400-ден жоғары квалификациясы бар мамандар қызметтерін атқаруда. Айрекс өз Еуропалық бөлімшесімен бірлесе отырып 100-ден астам мемлекеттерде консультативтік және кәсіптік қызметтерін атқаруда. Толығырақ www.irex.org сайтында.
Айрекс «Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары» бағдарламасын алғашқы рет Өзбекстанда АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің қаржыландыруы бойынша 2005 жылы жүзеге асырған болатын. Бұл Өзбекстанда «Ақпараттық Технология Дәуірінің Қыздары» жобасы ретінде белгілі. Жобаның мақсаты АҚТ-дағы әйел мен ер адамдар арасындағы теңсіздікті жою мен әйел адамдардың өз бірлестіктерінде атқарып келе жатқан рөлдерін мадақтау. Содан бері Айрекс Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары, Ақпараттық Технология Дәуірінің Қыздары және тағы да осындай бағдарламаларды 10 мемлекетте қоғам қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру бойынша модельді жобалаумен жұмыс жасауда.
«Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары» жобасы Атырау облысы мен қаласының 33 мектептерінде жүргізілді. Жоба туралы толығырақ www.techageteens.ucoz.kz сайтынан оқи аласыз. 2012 жылы Айрекс Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары атты жобасын жүзеге асыра бастады. Жобаның басты мақсаты Атырау және Құлсары қалаларындағы мұғалімдерге Компьютерлік сауаттылық пен Интернет Технологиялары бойынша тренингтер өткізу арқылы білімін көтеру. Бүгінгі күні Ақпараттық Технологиялар Дәуірінің Ұстаздары 2013 жобасы жүзеге асырылуда. Жоба туралы толығырақ мағлұматтарды http://techageteachers.ucoz.ru сайтынан оқи аласыз.