Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары
Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруымен, Атырау облыстық пен қалалық білім беру бөлімдерінің, Жылой ауданының білім беру бөлімінің және Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қолдауымен АЙРЕКС арқылы жүзеге асуда.

рус / қаз






Сайт мәзірі

Кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Наурыз 2013  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жазбалар архиві

Сайт достары
  • "Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары 2011"
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика
    Барлығы: 11
    Бір айда: 0
    Бір аптада: 0
    Кеше: 0
    Бүгін: 0

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Бүгін сайтқа кім кірді?

    Қош келдіңіз, Гость · RSS 14.06.2025, 17:11

    Бастапқы » 2013 » Наурыз » 20 » "Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012"
    11:09
    "Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012"
    2012 жылдың ақпан айының 1 жұлдызынан бастап Атырау қаласы мен Жылыой ауданы бойынша Теңізшевройл компаниясының қаржыландыруымен Айрекс ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология дәуірінің ұстаздары» бағдарламасын іске қосты. Бұл жобаны қолдаушылар: Атырау Облыстық және  Қалалық Білім беру бөлімдері, Жылыой аудандық білім және денешынықтыру бөлімі, және де Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы. Жоба Атырау қаласы мен Жылыой ауданы мұғалімдерінің компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында ойластырылған. Негізгі мақсаты: мектеп мұғалімдері мен кітапханашыларды Интернетті пайдалануға үйретіп, Интернетті еркін қолданушылар санын арттыру мен мемлекеттік тілдегі веп- контент санын арттыру болатын. Жобаға Атырау қаласы мен Жылыой ауданының 35 мектебінен әртүрлі пән мұғалімдері қатынасты. Жоба мектеп базасында компьютерлік кабинетте аптасына 3-4 рет өткізілді. Қажет уақытында жобаның АТ маманы бұзылған компьютерлерді оңдап, жергілікті желілер жүргізіп, Интернетке қосылу мүмкіншілігін арттырып отырды. 
    2012 жылы Атырау қаласынан 25 мектеп, Құлсары қаласынан 10 мектеп толықтай тренингті аяқтап, 620-дан астам мұғалім қатысты. Олар онлайн режимінде тест және сауалнама құрып үйренді, Ucoz платформасында өз сайттарын құрды, оқыту процесін жақсартуда Google құрал саймандарын және білім беру сайттарын қолданып үйренді. Жобаға қатысушы ұстаздарға арналып http://uvit2012.ning.com/ сайты құрылып, онда ұстаздар 800-ден аса блог орналастырып, форумдарға қатысты, әлі де қатысып келеді. Жобаның белсенді қатысушыларына сертификаттар табысталып отырды. Тренинг уақытында «Ең белсенді блоггер» және «Ең белсенді форум қатысушысы» конкурстары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. 
    «Ең белсенді блоггерлер»: Атырау қаласы бойынша – Сюнишкалиева Динара(№24 мектеп), Борисова Айнагуль(№21мектеп), Дюсегалиева Насипжан(ұлттық гимназия), Суйинишалиева Айнагуль(№5 мектеп), Джумарыстанова Акку(№5 мектеп), Мазитова Надия(№20 мектеп), Кыдырова Багытгуль(№15 мектеп); Құлсары қаласы бойынша – Сулейменова Маншук(№6 мектеп), Мухангалиева Анаргуль(№6 мектеп), Сарсенгалиева Жаннат(№1 мектеп).
    «Ең белсенді форум қатысушылары»: Атырау қаласы бойынша – Темирова Светлана(№27 мектеп), Тлегенова Гульмира(№34 мектеп), Нурсейтова Лиза(№30 мектеп); Құлсары қаласы бойынша – Айтуарова Алмагуль(№1 мектеп), Жакаева Фатима(№1 мектеп).
    2012 жылдың тамыз айында Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жобаның ең белсенді ұстаздарына арналған конференция ұйымдастырылды. Конференцияда ақпараттық – коммуникативтік технология туралы тереңдетілген тренингтер жүргізіліп, ұстаздар Excel программасымен жұмыс жасауды, электронды сабақ жоспарын құруды, Power Point-та презентациялар құруды, google.docs арқылы ақпарат алмасуды үйренді. Сонымен қатар, интерактивті тақта, веб-дизайн, фото, аудио, видио файлдарды редакторлауға арналған Gimp, Audacity, Adobe Primiere Pro сияқты программалармен жұмыс жасауды үйренді. Конференцияның соңғы күнінде «АТ пайдаланып өткізілген ең үздік ашық сабақ» және «Ең үздік веб – сайт» конкурстары өткізілетіні жарияланды. Тамыз конференциясы жөнінде толықтай  http://techageteachers.ucoz.net/news/atd_2012_zhobasyny_al_ash_y_orytyndysy/2012-10-11-4  арқылы біле аласыздар. 
    2012 жылдың желтоқсан айында Атырау және Құлсары қалаларында АТДҰ2012 жобасының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға жоба барысында сертификат алған барлық ұстаздар қатынасып, Microsoft Office пакетінің Word, Excel, Power Point программаларына тереңдетілген тренингтер өткізілді. Конференцияның екінші күні, негізгі бөлімде  жобаның 2012 жылғы қорытынды нәтижелері және алдағы 2013 жылға жоспарлары жарияланып, өткізілген конкурстар жеңімпаздарын марапаттады. «АТ қолданылып өткізілген ең үздік ашық сабақ» конкурсы бойынша А. Құнанбаев атындағы №15 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Измамбетова Гүлнар (http://uvit2012.ning.com/video/6476872:Video:38334);  ал «Ең үздік веб – сайт» конкурсы бойынша №21 мектептің тарих пәні мұғалімі Исмуханова Нағима(http://historyfact21.ucoz.ru/)  жеңімпаз атанып, оларға сертификаттар мен құнды сыйлықтар табысталды. 
    Құрметті ұстаздар, осы жобаға қатысып жақсы нәтиже көрсеткендеріңе көп-көп рахмет, өздеріңізді мектеп қабырғасында мықты да озат, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған білім беру жүйесінде алға қойған мақсатқа жете білетін көшбасшы ретінде көрсете білдіңіздер. Сіздердің еңбек жолдарыңызға сәттілік пен табыс тілейміз.  Біздің жоба әрі қарай жалғасады және Қазақстан болашақта жаңа жетістіктерге жетуі үшін бар күшімізді саламыз деп сендіреміз. 

    Көрулер саны: 1292 | Қосқан: Bagda | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық пікірлер: 0
    dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
    Аты *:
    Email:
    Код *:
    Атырау - 2025
    Сделать бесплатный сайт с uCoz