Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары
Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруымен, Атырау облыстық пен қалалық білім беру бөлімдерінің, Жылой ауданының білім беру бөлімінің және Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қолдауымен АЙРЕКС арқылы жүзеге асуда.

рус / қаз






Сайт мәзірі

Кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Наурыз 2013  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жазбалар архиві

Сайт достары
  • "Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары 2011"
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика
    Барлығы: 11
    Бір айда: 0
    Бір аптада: 0
    Кеше: 0
    Бүгін: 0

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Бүгін сайтқа кім кірді?

    Қош келдіңіз, Гость · RSS 14.06.2025, 17:20

    Бастапқы » 2013 » Наурыз » 20 » "АТДҰ" жобасының қорытынды конференциясы
    11:02
    "АТДҰ" жобасының қорытынды конференциясы
    Міне, біздің «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасы да өз мәресіне жетті. 2012 жылдың желтоқсан айының 13 – 14 жұлдызында Атырау қаласында жобаның қорытынды конференциясы өтіп, оған жоба барысында сертификатқа ие болған барлық белсенді ұстаздар қатынасты. 
    13- желтоқсан күні Microsoft Office пакетінің Word, Excel, Power Point программаларына тереңдетілген тренинг өткізілді. Тренингті жобаның бас тренері Ығылманова Гауһар жүргізді. 
    14 – желтоқсан күні конференцияның жабылу рәсімінде конференцияға қатысқан барлық ұстаздарға сертификаттар табысталды, өткізілген конкурстар жеңімпаздарын жариялады. «АТ қолданылып өткізілген ең үздік ашық сабақ» конкурсы бойынша А. Құнанбаев атындағы №15 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Измамбетова Гүлнар;  ал «Ең үздік веб – сайт» конкурсы бойынша №21 мектептің тарих пәні мұғалімі Исмуханова Нағима  жеңімпаз атанды. Жобаны қаржыландырып отырған «Теңізшевройл» компаниясының атынан Айтжанова Гулнар Бекенқызы сөз сөйлеп, жеңімпаздарға сертификаттар мен құнды сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар тренинг жүргізілген барлық мектептерге компьютерлік кабинеттерге арналған сыйлықтар үлестірілді.
    Соңында №15 мектептің мұғалімі, жеңімпаз Измамбетова Гулнар сөз сойлеп, « Бұл жоба біздің кәсіби шеберлігімізді арттыруды барлық жағынан да жол ашты» - деп қорытындылады.
    Тап осындай конференция 21 – желтоқсанда Құлсары қаласында да өткізілді. Мұнда да  Microsoft Office пакетінің Word, Excel, Power Point программаларына тереңдетілген тренинг өткізілді. Тренингті жоба тренері Қожахметова Альбина жүргізді. Конференция соңында конференцияға қатысқан барлық ұстаздарға сертификаттар табысталып, тренинг жүргізілген барлық мектептерге компьютерлік кабинеттерге арналған сыйлықтар үлестірілді.

    Көрулер саны: 697 | Қосқан: Bagda | Рейтинг: 1.0/1
    Барлық пікірлер: 0
    dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
    Аты *:
    Email:
    Код *:
    Атырау - 2025
    Сделать бесплатный сайт с uCoz