 Тамыздың 12 -16 жұлдызы аралығында «Айрекс Атырау» өкілдігі «АТДҰ 2013» жобасы аясында ЖШС «Теңізшевройлдың» қаржыландыруымен жобаның ең үздік деген қатысушыларына арнап бес күндік тереңдетілген тренингтерін өткізген болатын.Тренингтерге Атырау қаласының орта мектептерінен он жеті ұстаз қатысып, Компьютерлік және Интернет технологиялары бойынша Audasity, Adobe Premier Pro, prezi.com және google құралдары сынды тақырыптарында тереңдетілген білім алу мүмкіндігіне ие болды. Ұстаздарға қосымша білім біру мақсатымен «Көшбасшылық», «Уақытты үнемдеу» және «Табыс бағдарламасы» бойынша Куликовских Н.А. тренингтер өткізссе, біліктілікті арттыратын «Интерактивті тақта» және EDU.KZ сайтымен жұмыс жасау дағдыларын «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ – ның тренері оқу-әдістемелік тренингін өткізген болатын. Оқулардың нәтижесінде қатысушыларға ЖШС «Теңізшевройылдың» үкімет және қоғаммен қарым-қатынас жасау бөлімінің кеңесшілері Шанель Джолли және Гүлнар Айтжанованың қолдарынан сертификат табысталды.
|