  «Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары» (АТДЖ) жобасының сәтті аяқталғанынан кейін, мұғалімдерге арналған ұқсас жобаның өткізілуіне өтініш білдірушілер санының көптігіне байланысты АТДЖ командасы «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары» (АТДҰ) жобасының жүзеге асырылуына кірісті. Өткен жылдардағыдай жобаның басты мақсаты тек қатысушыларды компьютер сауаттылығына үйрету ғана емес, сонымен қатар мектептердегі компьютер кабинеттерін ретке келтіру, яғни компьютерлерді оңдау, дұрыс жұмыс қалпына келтіру болып табылады. 2011 жылы АТДЖ жобасына Атырау мектептерінің 60% қатысып, көшбасшылық машықтар мен ақпараттық технология дағдылары бойынша дәріс алды. Биылғы жобаға, Жылыой ауданын қосқанда, қала мен облыс бойынша 70%-дан астам мектептер еліктірілді. Тренингтердің басты назары интернет пен оның мүмкіндіктерін, блогтар мен веб-сайттарды құруға аударылған. 2011 жылы қамтылған мектептердің қомақты пайызына қарамастан, бағдарламаның басты қиындығы компьютер жағдайы болып табылады. Жағдайды қорытындылай келе, өткен жобалардағы тәжірибеге сүйене отырып, өкінішке орай, компьютерлер жағдайы жылдан жылға ойдағыдай жақсарып келуде деп айтуға келмейді. Мысалға, үш жыл бойына мектептердегі интернеттің жылдамдығы сол деңгейде, бір уақытта 2-3-ақ бетті жүктеу мүмкін емес, ал мұғалімдердің ғаламторда қиындықсыз жұмыс жасауы туралы сөз қозғамай-ақ қоюға да болады. Алайда мектептерде сабақтарды тиімді өткізуге бөгет болып тұрған жалғыз бұл мәселе емес. Компьютерлердің өздері де оңдалуды қажет етеді, ал бұл өз алдына білім мен қосымша қызметті, қаражаттың бөлінуін талап етеді. Кейбір мектептерде уақытында арнайы маманды шақырмауларына байланысты бір уақытта бірнеше компьютерлер жасамай қалған жағдайлар да жиі кездеседі. Жобаның АТ маманы компьютер кабинеттерін тексергеннен кейін, дұрыс жұмыс қалпында болмаған техникалардың мәселелері шешілді. Әдетте, әр мектепте әр түрлі мәселе, алайда, қуантарлығы, олардың барлығы дерлік шешілуге мүмкін және дұрыс техникалық тексерістен кейін жоюға болады. АТДҰ жобасына қала мен облыс бойынша 53 мектептің 1000-нан астам ұстаздары қатысады, сондықтан АТДҰ командасы мектептердегі компьютер кабинеттерімен белсенді жұмыс жасайды. Бұл үлкен күшті талап етпейді, бірақ көп уақыт пен мектеп әкімшілігінің себептесуін қажет етеді. Қазіргі таңда 70%-дан астам мектеп компьютерлері жергілікті желінің көмегімен интернетке қосылған, оларға антивирус және басқа да керекті бағдарламалар қондырылды.
Жұмыс қалпына келтірілген компьютердің әр қайсысы бағалы. Компьютер кабинеттерінде өтетін тренингтер мұғалімдер мен оқушыларға ақпараттық технологияға байланысты мүмкіндіктерін арттырады және олар қазіргі заман талабына сай жүре алады.
|