
Сүлейменова Маншүк К.Сатпаев атындағы Қазак Ұлттык Университетінің ''автоматтандыру және басқару системасы'' мамандығы бойынша білім алған. 2005 жылы №6 мектепке информатика пәні мұғалімі болып орналасты. Еңбек жолын бастаған білім ордасында Маншүк компьютердің қыр-сырын өз жұмыстастарына, оқушыларына жетік меңгертумен келеді. Және де әр түрлі аудандық және облыстық конкурстарға қатысып, басқа ұстаздарға көптеген презентациялар құруды үйретуде көмегін аямайды. Сондай-ақ ол мектептің қоғамдық өміріне белсене араласушылардың бірі. «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары» жобасына қатысып, өз жетістіктеріне сол жобаның себепші болғанын айтып, жобадан алған әсерін өзге ұстаздармен бөліседі.
Жазғы демалысына қарамастан, Маншүк бірде-бір сабақтан қалмай, тренерлерді мұқият тыңдап, тренинг тапсырмаларын мұқият орындап жүрді. Қорытынды тестілеуде ізденісімен, тапқырлығымен Маншүк 100% көрсетті. Күнделікті сабақтар өз жемісін берді деуге болады. Тренинг барысында өзге ұстаздарға компьютердің қыр-сырын үйретіп, көмектесіп отырды.
-''Сабақ кезінде біз көптеген тесттерді пайдаланамыз, бірақ testmoz және surveymonkey жобада ғана үйрендік. Бұл жоба бізге көп көмегін тигізді. Білмейтініміз көп екен. Ал соларды үйренгеніміз, үлкен сәттілік деп ойлаймын, - дейді Маншүк .
«Жобаға қатысу мен үшін үлкен жетістік болды. Бар ынтамды салып үйренгендерімді практикада қайталап отырдық. Жобаның әр бір күні жаңа білімділік әкеліп отырды.''- дейді Маншүк.
«You Tube өте ыңғайлы сайт. Видеороликтермен сабақ үстінде сабақ түсіндіруге, ашық сабақтар өткізуге өте қолайлы. Бірак қалай жүктеу керектігін біз осы жобадан үйрендік. Сондай-ақ форумдарға қатысып, жеке блог ашу-әр бір адамның өзінің жеке еңбегі болып саналады. Өз жеке блогына бәрі де жанын салып жазып отырады. Форумдарда басқа қалалардың, облыстардың мұғалімдерімен танысып, жоба туралы пікірлерімізбен алмасып отырдық.»
Сонымен катар Маншүк өз мектебінің жеке веб сайтын ашты. Ол kulsary-mektep6.ucoz.ru деп аталады. Енді Маншүк өз пәнінің жеке веб сайтын ашып, сабақ жоспарларымен, презентацияларымен, және т.б материалдармен бөлісіп отыруды жоспарлап отыр. Маншүк мектепте мугалімдерге ақпараттық технологиялармен,сонын ішінде: интерактивті тақтамен, ғаламтормен және де презентациялар кұрып, солармен жұмыс жасауды үйретуден жалыққан емес.
Ерен еңбегінің нәтижесінде Маншүк АТДҰ жобасында ''ең үздік блоггер'' атағын жеңіп алып, финалист атанды.
Маншүктің АТДҰ жобасына қатысуы және жоғарғы жетістіктері өзге мұгалімдердің жобаға деген ниетін ашып, Ақпараттық технологияларды пайдалану мен сабаққа деген ынтасын арттыра түсті.