Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары
Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруымен, Атырау облыстық пен қалалық білім беру бөлімдерінің, Жылой ауданының білім беру бөлімінің және Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қолдауымен АЙРЕКС арқылы жүзеге асуда.
Сүйінішалиева Айнагүл
рус / қаз







Сайт мәзірі

Кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Маусым 2025  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жазбалар архиві

Сайт достары
  • "Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары 2011"
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика
    Барлығы: 11
    Бір айда: 0
    Бір аптада: 0
    Кеше: 0
    Бүгін: 0

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Бүгін сайтқа кім кірді?

    Қош келдіңіз, Гость · RSS 15.06.2025, 05:42

    Сүйінішалиева Айнагүл 2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Тарих және География» мамандығын бітірді. Сол жылы ең жас маман болып №5 Ғ.Мүсірепов атындағы мектепке тарих пәні мұғалімі болып орналасқан болатын. Айнагүлдың айтуынша, балалармен жұмыс жасаған оған өте ұнайды және мектептегі 9 жыл байқаусызда өтіп кетті. 
    Айнагүл белсенді және жігерлі адам, әрқашанда мектептің қоғамдық өміріне қатысып, әр түрлі пайдалы ынталарды қолдайды. Оның ұжымдастары ол жайлы өте «мақсатты және жарқын» адам деген жақсы пікірде.
    Өзінің «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары» жобасында ықылас білдіріп және тырысып қатыссаң үлкен нәтижеге жететінін Айнагүл дәлелдеді. Жобаның алғашқы күнінен бастап, соңғы күніне дейін Айнагүл ақпараттық технология сабағына ынтамен және бір сабақты жібермей қатысты. Компьютерлік сауаттылығының бастапқы деңгейін тексеруге арналған тест қорытындысында 100%-дың 12%-ын жинады; тренингтерді аяқтағаннан кейін Айнагүл тест тапсырып 96% жинады. Бұндай АТ бойынша өз деңгейін көбейтуі күтпеген жағдай болған емес, өйткені Айнагүл алған білімдерін тек қана тренингтерде ғана көрсетпей, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да білімін арттырып және жақсартып отырды.
    «Тренингке дейін менде google.com поштасы болған емес. Қазір мен өзімнің gmail электрондық поштамды ашып және олардың құралдарын қолданамын, бұл өте ыңғайлы», - деді Айнагүл. «YouTube сайтында бейнені жүктеуді және сақтауды білмедім, веб-сайт құруды және онлайн жүйесінде тест жасауды білмедім». 
    YouTube-тің көмегімен Айнагүл пәніне байланысты көптеген бейнероликтерді тапты. Осыларды қолдана отырып, қосымша материал ретінде өз оқушыларына роликтер көрсетеді. Бұл сабақты қызықты етіп қана қоймай, оқушылардың ой-өрістерін дамытады, себебі оқушылар тарихпен тек оқу құралдары арқылы танысатын, мұндай  материалдарды бұрын көрген емес.Бұдан басқа Айнагүл тарих пәніне арналған өз веб-сайтын ашты www.tarix.ucoz.ru, оның ішінде басқа мұғалімдермен барлық материалдарды бөлісе алады. Әрбір қалаған адам осы сайтқа кіріп, презентацияларды, Айнагүлдің өз сабағына дайындаған материалдарын көруге болады. Пікір қалдыруда сайтқа байланысты сұрақтар қоюға және ақпараттар алуға болады. Осылайша мұғалімдерде бір-бірімен араласу мүмкіндігі болады, материалдармен алмасу және жан-жақты қолдау көрсетуге болады. Ал оқушылар өткен сабақ материалдарын қарауға немесе жүктеп алуға болады.
    Блог құрастыру және форумдағы белсенділігі Айнагүлге АТДҰ жобасының барлық қатысушыларымен араласуға мүмкіндік берді. Оның блогы http://uvit2012.ning.com/profiles/blogs/6476872:BlogPost:4453 өзінің әдемілігімен және қызықты мазмұнымен ерекшеленеді. Онда тек Айнагүлдің жазбасын ғана емес, әртүрлі суреттер мен бейнелерді табуға болады.  Сайттың форумы арқылы Айнагүл өзі сияқты АТДҰ жобасына қатысып жүрген басқа мектептердің көп мұғалімдерімен танысты. Барлығы бірге әртүрлі тақырыпты талқылап, пікір алмасып, жоба аясында алған білімдерін талқылады.
    Тренингте алған осы білімдерімен тоқталып қалған жоқ: Айнагүл өзінің бауырларын және осы жобаға қатыса алмаған мұғалімдерді үйретіп жүр. Айнагүл АТ қазіргі кезде өте маңызды деп ойлайды, адамдардың заманға сай дамуы үшін көмектесіп, өзінің алған білімімен бөліскісі келеді. Бұл жобаның тек қана АТДҰ қатысушылары шегінде ғана дамып қоймай, сонымен қатар мұқтаж адамдарға қосымша көмек тесуге мүмкіндік беретін трениг нәтижесінде алған үлкен әсер.
    «Інім мен сіңліме google-де поштаны қалай ашу керектігін және оның құралдарымен жұмыс жасауды үйреттім»,- деді Айнагүл. «Сонымен қатар оларға YouTube сайтында өздеріне ұнаған бейнені іздеуді, қалай жүктеуді үйретіп, ең бастысы өз сайтын қалай ашу керектігін үйреттім». 
    Айнагүл мұғалімдерге де көп уақыт бөлді, оларға онлайн-тесттің ыңғайлылығын және оларды қалай құрастыратынын үйретті. Осындай тестті тек қана АТДҰ қатысушылары ғана емес, және олардың оқушылары да біледі.
    «Жаңа нәрселерге үйрену керек, өз біліміңді басқаларға үйрету – ол адамның парызы, мұғалім әрдайым және үздіксіз басқаларды үйрету керек»,- дейді Айнагүл. 
    Нәтижесінде жігерлі еңбегімен, ең жоғары қорытындысымен Айнагүл жоба финалисті атанып  және тренингті жақсы аяқтағаны үшін сертификатпен марапатталды. Айнагүл финалистерге арналған тамыз айында өтетін екі апталық тереңдетілген АТ тренингтерінің конференциясына қатысады.
    Айнагүлдің үлгілі нәтижелері басқа жоба қатысушыларын жігерлендіріп және оларға әсер етеді деген ойдамыз.










    Атырау - 2025
    Сделать бесплатный сайт с uCoz