Қожаева Салиха Асанханқызы - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде педагог-психолог және саз пәні мұғалімі қызметін атқарады. Ұстаз болуды жас кезінен армандаган, оған себепкер болған сабақ берген ұстаздарының ұстаз мамандығына деген махабаты болды. Қазір бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру, әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау, ізгілікті және жеке қарым-қатынас жасай білуін жетілдіру мақсатында мектепте психолог қызметін атқарады. Тренининг барысында тренингтен қалмай қатысып, түсінбеген жерін сұрап, білгенін басқа ұстаздарға түсіндіріп жақсы қырынан көрінген Салиха апай блог пен форумға да жиі жазып тұрды.
«Қазіргі қоғам - ақпарат қоғамы. Сол қоғамда өмір сүру, компьютерлік білімді меңгере білгенге жеңіл болып келеді. Білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Білім беру процесінде – ақпараттық қоғам жағдайында жасөспірімдерді жан-жақты даярлау үшін, мұғалім өзі жан-жақты әзір болуы қажет болғандықтан, өз бетімше компьютерлік сабақ алып жүргенмін. Қазан айында мектебімізге «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары» атты жаңа жоба бойынша тренинг өткізіліп, дәріс алдық, білмегенімізді үйрендік. Жобада компьютерлік сауаттылығымызды әрі қарай дамыта түстім.
Жеке сайтымды ашып, сайтқа материалдар енгізуді, видео салуды, музыка қосуды үйрендім. Алған білімдерімнің арқасында, көрсеткендерін тез қабылдап, жобаға қатысқан басқа ұжымдастарыма электронды почта мен сайт ашып беріп, көмек көрсететін дәрежеге жеттім. YouTube видео іздеу, оны жүктеуді үйреніп, он-лайн сауалнамаларын қолданып және өз сауалнамаларымды құрып, оны сабақ барысында және жеке тұлғаны психологиялық зерттеу барысында қолданып келемін» - деп ағынан жарыды.
Шынында да Салиха Асанханқызы айтылған материалдарды тез қабылдап, үйренгенін басқа да ұстаздарға көрсетіп, көмектесіп отырды. Блогка жазган жазбаларынан ақ Салиха апайдың сөзге шешен өнегелі ұстаз екенін көруге болады. Құрған сайты да жаксы көрнекі, тақырыпқа сай, психологиялық тест те бар, өлең де құрастырады екен.
«Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары» атты жаңа жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Жобаның ұйымдастырушыларына және тренеріміз Гаухарға алғысымды айта отырып, бұл жоба әрі қарай жалғасын тапса екен деген ұсыныс айтқым келеді – деп тұжырымдады сөзін Салиха Асанханқызы.
Салиха апайға «деніне саулық, еңбекте шығармашылық табыс тілеп, биік белестерден көріне беріңіз» деген тілек айтамыз.