Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары
Жоба «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруымен, Атырау облыстық пен қалалық білім беру бөлімдерінің, Жылой ауданының білім беру бөлімінің және Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қолдауымен АЙРЕКС арқылы жүзеге асуда.
Бекқұлова Марал
рус / қаз







Сайт мәзірі

Кіру

Іздеу

Күнтізбе
«  Маусым 2025  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жазбалар архиві

Сайт достары
  • "Ақпараттық Технология Дәуірінің Жастары 2011"
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика
    Барлығы: 11
    Бір айда: 0
    Бір аптада: 0
    Кеше: 0
    Бүгін: 0

    Барлық онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Бүгін сайтқа кім кірді?

    Қош келдіңіз, Гость · RSS 15.06.2025, 06:12

    Бекқұлова Марал Әлібекқызы 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің «Информатика» мамандығы бойынша аяқталды. Арадан көп уакыт өтпей Жаңа Қаратон поселкесіндегі №22 мектепке хатшы болып жұмысқа орналасты. Жас маман болса да, Марал өзінің қызметін оңай алып кете алды. 
    Өз ісіне жауапты, берілген жұмыстарды тиянақты орындайды. Мектеп ұжымында Марал озінің алғырлығымен, біліктілігімен көзге түсіп, қазіргі уакытта ұжымына сыйлы, сондай-ақ ұжымдастарының жақсы көзқарасына ие маман.
    Марал «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасына қатысып, өз білімін толықтыра түсті. Жұмысының көптігіне қарамастан, құлшыныс танытып, осы жобада ұстаздардың қатарынан орын алды. Жобаның бастапқы күнінен бастап Марал бір де бір сабақты жіберген емес. Алғашкы күні компьютерлік сауаттылығын тексеру барысында Марал 100%-дың 24%-ын жинаған болатын. Тренинг соңында қайта тест тапсырып 60% -дық көрсеткішке ие болды.
    «Мен компьютер саласы бойынша оқу бітіргеніммен, осы жобадан үйреніп, білгенім  көп болды. Мысалы менде Google.com туралы ақпарат болған емес, тренинг арқылы мен өзімнің gmail почтамды ашып, олардың құралдарымен танысып, қалай жұмыс жасау керектігін үйрендім» - дейді Марал. ''4 жыл информатика мамандығын бітірсемде, тренингте өткен материалдар мен үшін таныс болмай шықты. Youtube-қа калай видео салуға және алуға болады деп ойлаушы едім, мінекей осының жауабын таптым десемде болады. Веб сайт құру, онлайн тест, сауалнама дайындауды үйрендім.'' 
    Маралдың айтуынша қазіргі уакытта ол ютуб арқылы өзіне қажет бейнероликтерді оңай әрі тез алып және өзінің бейнероликтерін интернетке салуды жүзеге асырып жур. Марал өзінің №22 мектебінің сайтын ашқан болатын http://22mektep.ucoz.ru. Бұл сайтта мектепке қажетті барлық мәліметтерді білуге болады. Бұл сайтты ашудағы ойы, ата-аналар өз балаларының қандай күні қандай сабағы болатынын, қандай жетістіктері бар екенін білсе екен деген максатының нәтижесінде ашқан болатын.
    Сондай-ак Марал блог пен форумда өзінің жігерлілігін көрсетті десекте болады. Оның блогы http://uvit2012.ning.com/profiles/blogs/maral-bekkulova-alibekovna. Бұнда жазбаларын, әртүрлі суреттерін, бейнелерін көруге болады. Ал форумда Марал ұстаздармен танысып, пікір алмасып отырды. Осындай біліктілігімен, тапқырлығымен, зор ынтасының нәтижесінде Марал жобамызда ерекше көзге түсіп, өз мектебіне де, өзінің білімділігіне де үлесін қосты.
    Марал алдағы уақытта осы жобадан алған білімін жарты жолда қалдырмай жалғастыра беретінін айтты. Жобада үйренгенін мұғалімдерге көрсетіп, үйретіп түсіндіргенін де жоққа шығармайды. «Осындай жобалар көбейе берсін. Жас мұғалімдер өз білімін осындай жобалар арқылы жетілдіріп, оқушыларға компьютерлік технологияны жетік меңгертсе екен» дейді Марал.










    Атырау - 2025
    Сделать бесплатный сайт с uCoz