Анаргүл Абатқызы Жаңа Қаратон поселкесіндегі №23 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәнінің мұғалімі. Ақпараттық құзыреттілігі өте жоғары деңгейде қалыптасқан, ізденгіш, шығармашыл мұғалім.
Анаргүл «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасына үзбей қатысып, жоба арқылы ұстаздарға, оқу-тәрбие үрдісіне қажетті, маңызды көптеген ақпарат жинақтағанын айтты. Жоба барысында тест тапсырып 28% жинаса, жоба соңында 88% жинаған болатын. Жобаға қатысу кезінде Анаргүл №23 мектептің сайтын ашты mektep23.ucoz.ru және де оқу процесіне қажетті тест материалдарын алатын Testmoz, surveymonkey сайттары туралы «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары» жобасында үйреніп, әріптестеріне, мектеп мұғалімдеріне, оқушыларына және де ҰБТ, ОЖСБ сынақтарына қажетті тест сұрақтарын дайындап, ақпарат беру арқылы мектеп мұғалімдерінің, оқушыларының ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге зор үлес қосып отыр. You Tube сайты арқылы сабақты қызықты өткізуге өте қажетті бейне роликтер қорын алып, көбейтіп мектебіміздің ақпарттандырылған мектептердің алдыңғы қатарынан көрінуіне зор үлес қосып, жобада алған, жинақтаған білімін көрсете білді. Анаргүл жобада үйренгенін, білгенін блогқа үздіксіз жазып, форум арқылы өзіне қажетті сұрақтарды талқылап, қатысып үздіктер қатарынан көрінді.
Мен «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасына қатысқаныма өте қуаныштымын өйткені, бұл жобаға қатысу арқылы ғаламторды пайдалануда іздеген сұрақтарымды табуға және мен білмейтін көптеген жақсы мәліметтерді еркін табуға көмектесті. Сонымен қатар тренинг мұғалімдердің жұмысын едәуір жеңілдетеді айта кетер болсақ, «Ақпараттық Технология Дәуірінің Ұстаздары 2012» жобасына қатысқан мұғалімдеріміздің көп мәлімет алып, ұстазға, бала тәрбиесіне қажетті маңызды ақпарат ала білгендеріне ұстаздар өте қуанышты. Мектептің педагог қызметкерлерінің ақпараттық құзыреттілігі өсіп, жоғарылағанына мектеп әкімшілігі алғыс білдіреді – дейді Анаргүл.